Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 522 — 527 теңгеден саудаланып жатыр.
Фото: freepik
10:12 23.01.2025
Ұлттық банктің 23 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 520,91 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,29 теңге. Еуро — 544,25.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 522 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 526 теңге. Еуро 542 — 547 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 527 теңге. Еуро 542 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17 — 5,27 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 22 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 6,19 теңгеге төмендеп, 520,88 теңге болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!