{metadescription}
СҚО-да тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан 2 адамның денесі табылды

СҚО-да тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан 2 адамның денесі табылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ступинка елді мекенінде жеке тұрғын үйден өрт шықты. 

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шал ақын ауданы Ступинка ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы 112 пультіне хабар түнде түскен. Газ баллонының жарылуы салдарынан шатыр мен төбе жабыны опырылды. 

Өрт сөндірушілер келгенде үй жалынға оранып үлгерген. Қазіргі уақытта өрт орнында 2 адамның денесі табылды, олардың жеке басы анықталып жатыр. Отбасының қалған мүшелері әлі табылған жоқ. Бүгінде мамандар тілсіз жауды оқшаулады. Өрттің ауданы шамамен – 104 шаршы метр. 

Бір апта бұрын Петропавлдағы «Жастар» стадионында жабық корт өртенген еді. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде