{metadescription}
Вице-министр білім гранттарын сату жөніндегі жарнамаларға пікір айтты

Вице-министр білім гранттарын сату жөніндегі жарнамаларға пікір айтты

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки блогерлердің ақылы негіздегі сапасыз білім беру курстарына қатысты пікір айтты.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында тілшілер университеттер гранттарын сату жарнамаларына қатысты сұрақ қойды. Бұл тұрғыда кейбір студенттер өз шағымдарын әлеуметтік желілерде жариялаған. 

— Егер нақты фактілер болса, тексеруге дайынбыз. Ғаламтор кеңістігінде әртүрлі жарнамалар бар, олардың көпшілігі жалған болуы мүмкін және бұл мұқият тексеруді қажет етеді, — деді Д. Ахмед-Заки.

Вице-министр грант бөлу жүйесі қатаң түрде Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) қорытындысынан кейін жүзеге асырылатынын баса айтты.

— Қазір сынақ ҰБТ-ның бірінші кезеңі басталды, келесісі көктемде, ал соңғы кезеңі маусым айында болады. Алған ұпайлардың қорытындысы бойынша гранттарды бөлу жөніндегі комиссияның отырысы тамыз айында өтеді, — деді вице-министр.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде