{metadescription}
Тараздық тәртіп сақшылары мас жүргізушіні трасса бойымен қуалап, қолға түсірді

Тараздық тәртіп сақшылары мас жүргізушіні трасса бойымен қуалап, қолға түсірді

Жамбыл облысында полицейлерден қашқан мас жүргізуші бейнежазбаға түсіп қалды.  

Патрульдеу кезінде полиция батальонының қызметкерлері сағат 03:10 шамасында Батыс Еуропа — Батыс Қытай республикалық маңызы бар автожолының 162-шақырымында жүргізуші қауіпті маневр жасаған Kia K5 көлігін байқаған.

— Полицейлер көлікті тоқтатуға тырысқан, бірақ жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талабын елемей, жылдамдықты арттыра түскен. Жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірмеу үшін полицейлер көлікті қууға мәжбүр болды. Тараз қаласынан Алматыға бет алған 36 жастағы жүргізуші полициядан жасырынуға тырысып, патрульдік көлікпен соқтығысты. Көп ұзамай құқық бұзушы ұсталып, Қордай аудандық полиция бөліміне жеткізілді, — делінген хабарламада.

Оған қатысты ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талабын орындамағаны, апаттық жағдай туғызуға әкеп соққан жол ережесін бұзғаны, міндетті сақтандыру жасамағаны, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 5 әкімшілік хаттама толтырылды. Жол -көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.