Қарағанды облысының тас жолында жиырмаға жуық көлік соқтығысып қалды
Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының маңында 19 автокөлік соқтығысып қалды.
Фото: Видеодан скриншот
15:52 23.01.2025
Салдарынан алты адам зардап шекті.
— Сағат 12:30. Қарағанды облысында Ақсу-Аюлы ауылынан 20 шақырым жерде «Екатеринбург-Алматы» автожолының қайта құру учаскесінде алдын ала мәлімет бойынша 19 жеңіл көлік соқтығысты, — деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға орнына құтқарушылар, психологтар, ТЖМ апаттық медицина орталығы және жедел жәрдем дәрігерлері келді. ЖКО қатысушыларын жылумен қамтамасыз ету үшін ТЖМ вахталық арнайы көлігі жұмылдырылды.
— Қазіргі уақытта кептеліс жоқ, қозғалыс қарсы жолақпен жүзеге асырылуда, — деп толықтырды ведомстводан.
Қарағанды облысы ПД мәлімдеуінше, бұл ЖКО қатысушылары колонналық қозғалысқа қатыспаған.
Полицейлердің айтуынша, Балқаш қаласы жағынан еріп келе жатқан колонна Ақсу-Аюлы ауылына 12.00 сағат шамасында жеткен.
— ЖКО салдарынан түрлі жарақаттармен 6 адам медициналық мекемеге жеткізілді. Кейбір әлеуметтік желіде қаза тапқан адам туралы ақпарат жарияланды, бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. ЖКО-ның алдын ала себебі — жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты сақтамау, — деп түсіндіріп өтті Қарағанды облысының ПД.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!