{metadescription}
Тағы да алапат өрт тұтанып, 50 мыңнан аса адам эвакуацияланды

Тағы да алапат өрт тұтанып, 50 мыңнан аса адам эвакуацияланды

Лос-Анжелес округінің солтүстігіндегі өрт Кастаик қаласының маңындағы 10 200-ден астам орман алқабын (4 128 га) шарпыды, 50 мыңнан аса адамды эвакуациялауға тура келді, деп жазады CBS News.

«Хьюза» деп аталатын жаңа өрт бір сағат ішінде 500 акрға (202 гектар) дейін ұлғайып кеткен және екі сағат ішінде 3,407 акр (1,378 га) жер қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды Калифорния орман шаруашылығы және өрттен қорғау департаменті.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, өртенген ғимарат тіркелмеді, бірақ қатты жел салдарынан өрттің тұрғын үйлерге таралу қаупі жоғары. Өрт сөндіруге 4 мыңға жуық өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Лос-Анжелес округінің шерифі Роберт Луна 31 мың адамды эвакуациялауға бұйрық берілгенін айтты және тағы 23 мың адамға қауіп төніп тұрғанын ескертті. Картада орман өртінің аймақтары көрсетілген: жоғарғы жағында Кастаик қаласы, төменгі жағында Тынық мұхиты аймағы, ал оң жағында Лос-Анжелестің солтүстігі орналасқан.

Бұған дейін Калифорния штатында 200 мыңға жуық адамға қауіп төніп тұрғаны хабарланған болатын. Лос-Анжелесте 7 қаңтарда басталған алапат өрт 27 адамның өмірін қиды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде