{metadescription}
Алматыда есірткі жарнамалаған тұрғын сотталды

Алматыда есірткі жарнамалаған тұрғын сотталды

Алматыда есірткі жарнамалаған тұрғын 3 жылға сотталды.

Қала прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда есірткі құралдарын жарнамалауға қарсы бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

— Нәтижесінде, есірткі құралдарын жарнамалайтын интернет-сайттардың мекенжайларының хабарландыруларын ақша үшін жазып жүрген ер адам ұсталды, — деп хабарлады прокуратурадан.
Сот үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы 2-бөлігінің бірінші және төртінші тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

— Сондай-ақ, дәл осындай жарнамамен парақшаларды таратқан азамат пен психотроптық заттарды «қалдырумен» айналысқан тағы бір құқықбұзушы ұсталды. Тінту кезінде жалпы салмағы 7,866 грамм болатын 168 мефедрон орамы табылды. Күдіктілер қамауға алындын. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, — деп атап өтті ведомстводан.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде