{metadescription}
Мүгедектерді зорлағандар өмір бойына сотталады

Мүгедектерді зорлағандар өмір бойына сотталады

Қырғызстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты сексуалды қылмыс жазасы күшейтілді, деп хабарлайды Kazinform.

Ел парламенті жасы алпысқа толса да мүмкіндігі шектеулі жандарды зорлағаны үшін кінәлі деп танылғандарды жынысы мен жасына қарамастан өмір бойына бас бостандығынан айыруы мүмкін заң жобасын қабылдады.

Заң жобасы мүгедектердің жыныстық құқығын қылмыстық шабуылдардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

Айта кетейік, 2024 жылдың мамыр айында Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексіне 60 жасқа толған адамдарға балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын түзетулер енгізілген болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде