{metadescription}
Батыс Қазақстанда соңғы бес жылда 12 жасөспірім жүкті болып қалған

Батыс Қазақстанда соңғы бес жылда 12 жасөспірім жүкті болып қалған

Батыс Қазақстан облысында 2020-2024 жылдары 12 жасөспірім жүкті болып қалған.

БҚО денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 2020 жылы — 1, 2021 жылы — 3, 2022 жылы — 3, 2023 жылы — 2, өткен жылы 3 дерек тіркелген.
Осының ішінде жетеуі Орал қаласының үлесіне тиеді.

Жүкті болғандардың ең кішісі 2023 жылдан бастап 15 жаста. 

Оған қоса биылдың өзінде екі жасөспірімнің аяғы ауыр екендігі анықталды. 

— Жасөспірімдер жүкті болған жағдайда эклампсия, туғаннан кейінгі эндометрит және жүйелі инфекциялар сынды асқынулар туындауы мүмкін. Олардың шақалақтары көбіне салмағы аз болып, шала туылады және ауыр дерттерге ұшырауы ықтимал. Ерте жүктілік анасы үшін де, сәбиі үшін де қауіпті. Бұл көбінесе түсік жасатумен аяқталады. Ал, әсіресе, бірінші рет түсік жасату бедеулікке дейінгі асқынуларға соқтыруы мүмкін, — деп хабарлады ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде