{metadescription}
16 жастағы ресейлік бойжеткен жуынып жатқанда тіс щеткасын жұтып қойған

16 жастағы ресейлік бойжеткен жуынып жатқанда тіс щеткасын жұтып қойған

Мәскеу облысының оқушысы абайсызда тіс щеткасын жұтып қойған. 16 жастағы бойжеткен жүрек айну мен кеуденің жоғарғы бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданып дәрігерге барған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Л.М. Рошаль атындағы балалар клиникалық орталығында тексеру кезінде оның асқазанында бөгде зат – тіс щеткасы табылғанын айтты. Науқас оны абайсызда жұтып қойғанын түсіндірді.

Жалпы анестезиямен және эндоскопиялық құралдың көмегімен щетка жарты сағат ішінде алынып тасталды. Қыз амбулаторлық бақылауға үйіне шығарылып, қалыпты өміріне оралды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде