{metadescription}
ҰҚК арнайы операциясы: Астана мен Қосшыда терроризмді насихаттағандар ұсталды

ҰҚК арнайы операциясы: Астана мен Қосшыда терроризмді насихаттағандар ұсталды

2025 жылдың 22 қаңтарында ҰҚК Астана және Қосшы прокуратураларымен келісе отырып, төрт қазақстандықты ұстады. Олар терроризмді насихаттады, экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды және оған қатысты, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 256, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің оңтүстік облыстарынан Астанаға есірткі тасымалдайтын аймақтық арнаның жойылатынын хабарлаған болатын. Есірткілер Қазақстанның солтүстік өңірлеріне көтерме және бөлшек саудада таратуға арналған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде