{metadescription}
Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болды

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы бұйрығымен кәсіби мерекелер тізбесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, тізімге жаңа кәсіби мерекелер қосылды:

  • Қаржы мониторингі органдары күні – 28 қаңтар.
  • Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні – шілденің бірінші жексенбісі.
  • Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні – қыркүйектің екінші жексенбісі.
  • 2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні.
  • Автокөлік қызметкерлері күні – қазан айының соңғы жексенбісі.
  • Жол саласы қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі.
  • Бухгалтерлік есеп және аудит қызметкерлерінің күні – 10 қараша.
  • Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің күні 13 желтоқсан.

Сонымен бірге тамыз айының бірінші жексенбісінде атап өтілетін Көлік қызметкерлері күні мерекесі Теміржол көлігі қызметкерлері күні болып өзгертілді.

Сонымен бірге, Тізімнен мыналар шығарылды:

  • Ұлттық баспасөз күні – 2 ақпан;
  • Радио күні – 1 қазан.

Бұйрық 2025 жылдың 3 ақпанынан бастап күшіне енеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде