Қазақстанда тұрғын үй төлемақысы кімдерге беріледі
Қазақстандықтар коммуналдық қызмет тарифі көтерілген жағдайда тұрғын үй көмегіне жүгіне алады.
Фото: Kazinform
14:25 24.01.2025
Төлемнің кімдерге тиесілі екенін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтып берді.
- Коммуналдық қызмет тарифі жиынтық отбасылық кірістер шығынынан 5 немесе 10%-дан асқан жағдайда тұрғын үй көмегі төлемі тағайындалуы мүмкін. Бірақ, барлық қазақстандыққа бірдей төленбейді, - деді Қанат Бозымбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ БАҚ өкілдері вице-премьерге бюджет қаражаты барлық төлем алушыға жеткілікті ме деген нақтылау сауалын қойылды.
- Әрине, біз белгілі бір санаттағы азаматтарды, яғни отбасыны қарастырамыз, қолдан келеді деп ойлаймын, - деп толықтырды Үкімет басшысының орынбасары.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!