{metadescription}
Ақтөбеде адамдарды алдаған емші тергеу аяқталғанша қамауда отырады

Ақтөбеде адамдарды алдаған емші тергеу аяқталғанша қамауда отырады

Ақтөбе қаласында емшіге қатысты Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Сот 2 ай қамауда ұстау туралы санкция берді.

Ақтөбеде «Алаяқтық» бабының аса ірі көлемде шығын келтіру бөлігімен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу соты күдіктіні 2 айға қамауға санкция берді.

- Ақтөбе облысының полиция департаменті аса ірі көлемде алаяқтық жасау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Іс бойынша бүгінгі күні отызға жуық жәбірленуші бар. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Ақтөбе қаласында дәстүрлі емес медицинамен айналысқан әйел емделуге келушілерін алдап, оларға несие рәсімдеткен, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде