Алматыда мас күйінде жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші сотталды
Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі сотында адамды қағып мерт қылған жүргізушіге қатысты іс қаралды.
Фото: Pixabay.com
21:00 24.01.2025
Алматы сотының мәліметінше, 2020 жылы жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған Алматы қаласының тұрғыны тағы да мас күйінде көлік жүргізген.
Жаяу жүргіншілер өткелінде ол кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кеткен және оны тек артқы көрініс айнасынан байқаған. Алайда, полиция қызметкерлері келгенге дейін ол жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған. Кейін достарымен сыра ішіп, үйіне оралған.
Ал жол-көлік оқиғасынан кейін 15 жастағы жасөспірім ауыр жарақат алып, соның салдарынан қайтыс болған.
- Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, соттан жеңілдік жасауды сұрады және сотталушының жас балаларының болуын жеңілдететін мән-жай деп танылды. Сот айыпталушыны өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сондай-ақ жәбірленуші тарапқа 14 млн теңге көлемінде материалдық және моральдық шығынды өтеуге міндеттелді, - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енді.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!