Ақтөбеде ақша бопсалаған студенттер ұсталды
Ақтөбеде 18 жастағы жігіттерді қорқытып, ақша бопсалаған үш студент ұсталды. Полиция оларды дәріс залынан алып шықты.
Фото: Жетісу облыстық полиция департаменті
09:43 25.01.2025
Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, студенттер 18 жастағы екі жігіттен 100 мың теңгеге жуық ақша бопсалаған. Күдікке үш студент ілікті.
- Полиция қызметкерлері студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күдіктілерді университеттегі дәріс барысында ұстады. Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар кінәсін мойындады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!