{metadescription}
Аяз, көктайғақ, тұман: Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Аяз, көктайғақ, тұман: Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Қазгидромет ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 25 қаңтарда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман болады. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде 25-28 градус қатты аяз болады. Талдықорғанда түнде 26-28 градус қатты аяз болады.

Алматыда 24-26 қаңтар аралығында Бұтақ өзені – Бұтақ ауылы гидрологиялық бекетінде мұздық құбылыстарға байланысты су деңгейінің күрт көтерілуі байқалады. Бұтақ өзені – Бұтақ ауылы ГБ су деңгейі 280 см болды. Су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін. Қауіпті су деңгейі - 287 см.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Атырау облысының батысында тұман түседі.

Түнде және таңертең Алматы облысының батысында, оңтүстігінде кей уақытта тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18-23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 градус қатты аяз болады. Алматыда түнде және таңертең тұман болады. Қонаевта оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18-23 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

25 қаңтарда тәулік бойы Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында таулы аудандарында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, тәулік бойы 25 м/с, түнде 26 қаңтарда 23-28 м/с болады деп болжанады.

Таразда 25-27 қаңтарда кей уақыттарда тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Петропавлда да оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен соққан желдің облыстың солтүстігіндегі екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз болады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде