{metadescription}
Өзбектер үшін маусымдық жұмыс квотасын ұлғайтады

Өзбектер үшін маусымдық жұмыс квотасын ұлғайтады

Ұлыбританиядағы рекрутингтік компаниялардың өкілдерімен онлайн кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kazinform Өзбекстан Миграция агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Диалог Миграция агенттігі, Халықаралық миграция агенттігі (МОМ), Ұлыбританияның Seasonal Workers Scheme (SWS) жобасы аясында жұмыс істейтін ресми операторлар және олардың қызметін үйлестіретін ALP (Жұмыс күшін жеткізушілер қауымдастығы), GLAA (Еңбек құқығын қорғау жөніндегі ұйым) бастамасымен ұйымдастырылды. 

Оған Өзбекстанмен жұмыс істейтін екі британдық компаниямен бірге «Agri-HR-Ltd», «Fruitful jobs LTD», «Concordia Charity» сияқты жаңа рекрутингтік ұйымдардың басшылары да тартылды.

Ұлыбританиядағы маусымдық жұмысқа өзбектерді тарту тетіктері жан-жақты талқыланды. Бұл ретте үміткерлерді табу, іріктеу және емтихан алу үдерістерін ашық ұйымдастыру маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Агенттік басшылығы Ұлыбританиядағы Өзбекстанмен жұмыс істегісі келетін барлық рекрутингтік оператормен келісімшартқа отырып, ел азаматтарына бөлінетін квоталар санын көбейтуге келісті.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде