ШҚО-да өрттен көз жұмғандар саны 7%-ға азайды
Шығыс Қазақстан облысында биылғы жылыту маусымында өрттен қаза болғандар саны 7%-ға азайды.
Фото: ШҚО ТЖД
13:03 26.01.2025
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар жер үйлердегі өрттің алдын алу үшін рейдтерге шығуда. Облыста әлеуметтік тұрғыда осал отбасылар пеш жағып отырған 3 101 үй бар. Бұл үйлер толықтай тексерілді.
- ТЖД қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен полицейлерден құралған комиссиялық тексерулер екі рет жүргізілді. Алғашқы аралау барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 1 379 үй анықталды. Негізінен, бұзушылықтар пешке қатысты болды. Профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде қайталама тексерулер барысында 234 үйдегі бұзушылықтар жойылды. Әр үй иесіне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша нұсқаулық берілді, - делінген ақпаратта.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!