{metadescription}
Оралда дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды

Оралда дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды

Орал қаласында «Жайық Аренада» дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды.

Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашевтің айтуынша, жаңадан ашылған спорт сарайында осындай деңгейде алғаш рет өтіп отырған жарысқа еліміздің 17 облысы мен үш қаладан 836 жас дзюдошы қатысып жатыр. 

Бұл — рекордтық көрсеткіш. Осыған дейін жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатында ең көбі 2023 жылы 818, өткен жылы 813 спортшы бақ сынаған еді.

— Мұның сыры мынада — осыған дейінгі чемпионаттарда алдыңғы орын алған облыстар әр салмақ бойынша төрт спортшыдан қойып жатыр. Төрт күнге созылатын додада үздіктер анықталатын болады. Ұлттық құрама бапкерлері осында. Жарыс қорытындысына сәйкес әлем және Еуропа кубогы, әлем, Азия чемпионаттарында ел намысын қорғайтын дзюдошылар анықталады. Өткен жылы Париж Олимпиадасында Елдос Сметовтің алтын алып, тарихи жеңіске қол жеткізгені белгілі. Соның нәтижесінде дзюдоға бет бұрған жастардың қатары көбейе түсті, - деді Kazinform тілшісіне А.Имашев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде