{metadescription}
Петропавлда ағаш материалдарын сататын кәсіпорында өрт шықты

Петропавлда ағаш материалдарын сататын кәсіпорында өрт шықты

Петропавлдағы ағаш материалдарын сататын кәсіпорында болған өрттен гараж және екі жүк көлігі жанып кетті.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Ж.Қизатов көшесіндегі ағаш материалдарын сататын кәсіпорын аумағында шыққан. Хабар түсісімен жеткен өрт сөндірушілер келгенде нысан аумағындағы гараж лапылдап жанып жатқан. Нысанның ішінде сатуға дайын тұрған құрылыс материалдары артылған екі жүк көлігі тұрған. 

— Өрт қаупінің екінші деңгейі жарияланды. Дайын құрылыс материалдары үйіліп жатқандықтан өрт шыққан орынға жетуді қиындатты. Әрі материалдардың жоғары жанғыштығымен де күрделенді, бұл оттың тез таралу қаупін тудырды. Жалынмен күреске 9 техника, жеке құрамнан 22 адам жұмылдырылды, — дейді СҚО ТЖД екінші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Нұрхан Тұяқов. 

Өрт алдын ала болжам бойынша, 256 шаршы метр алаңда оқшауланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде