Студенттерді бопсалаған: Оралда бірнеше қылмысқа күдікті қыздар ұсталды
Орал қаласының екі тұрғыны бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Фото: Polisia.kz
09:04 27.01.2025
— Тергеу деректеріне сәйкес өткен жылдың қазан айында күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген. Сонымен қатар тергеу барысында ұсталғандардың бірінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденіп, сондай-ақ басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген, — деп жазды ҚР ІІМ.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!