{metadescription}
Павлодар облысында аса ірі көлемде есірткі тарату фактілері анықталды

Павлодар облысында аса ірі көлемде есірткі тарату фактілері анықталды

Павлодар облысы Железин ауданының прокуратурасы полициямен бірлесіп, жүргізген рейд барысында ауылдық округтердің біріндегі жеке тұрғын үй аумағынан шамамен 2 кг марихуана табылды.

Бұл туралы Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім болды. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, сот үкімімен кінәлі тұлға Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Тағы бір жағдайда, облыс прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Олар кондитерлік көкнәр сатамыз деген желеумен оның тұқымдары мен кептірілген көкнәр сабанынан дайындалған есірткі заттарын таратумен айналысқан.

Ұймдасқан то сондай-ақ азық-түлік дәмдеуіштерін сататын орындар ашқан, негізгі мақсаттары есірткіге тәуелді адамдарға көкнәр қоспасын сату болған.

Есірткі заттарын тарату фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бұл бағытта тергеу іс-шараларын жүргізуде.

- Тергеу мүддесіне байланысты Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпады, - делінген хабарламада.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.