Павлодарда есірткі зертханасынан 20 келіден аса «Мефедрон» тәркіленді
Психотроптық заттарды дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі
Фото: ҰҚК
10:44 27.01.2025
Биыл 18 қаңтарда ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-нің «Бүркіт» арнайы бөлімшесін қатыстырумен Павлодар қаласында есірткі зертханасын жою бойынша операцияны іске асырды.
— Психотроптық заттарды дайындау кезінде Қазақстан азаматын ұстап, соттың санкциясымен қамауға алды. Тінту барысында 20 келіден аса «Мефедрон» есірткі заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен 1,5 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленген. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!