{metadescription}
Медициналық сақтандыру жүйесіне мемлекеттік аудит жүргізілді

Медициналық сақтандыру жүйесіне мемлекеттік аудит жүргізілді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының инвестициялық табысы өсті.

Бұл туралы Мәжілісте МӘМС жүйесін одан әрі жетілдіру тақырыбына арналған Үкімет Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Нұрлан Нұржанов мәлім етті.

- 2024 жылы Жоғары аудиторлық палата Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және оның өңірлік филиалдары қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді. Біріншіден, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша медициналық сақтандыру жүйесінде 16,2 млн адам немесе жалпы халықтың 81 пайызы сақтандырылған. Қаржылық жүктемесін мемлекет көтеретін сақтандырылғандар қатарына 15 жеңілдікті санатқа кіретін 12 млн адам жататынын атап өткен жөн. 2 млн-ді құрайтын мемлекеттік қызметшіні, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлерін және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін ескере отырып, мемлекет 14 млн немесе 86% сақтандырылған адамның қаржылық жүктемесін көтереді, - деді Н. Нұржанов.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық шығыстар бөлінісінде Тегін кепілдендірілген медициналық көмек және Медициналық сақтандыруды ескере отырып, республикалық бюджеттің шығыстары 2022 жылдың қорытындысы бойынша 1,7 трлн теңгені немесе барлық шығындардың 78%-ын, ал 2023 жылдың қорытындысында 2 трлн теңгені немесе 76%-ды құрады.

- Бұл жерде, міндетті әлеуметтік медициналық көмек жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың ортақ жауапкершілігін енгізу болғандығын айта кеткен жөн. Екіншіден, аудит қорытындылары Қор активтерінің үдемелі өсуін көрсетіп отыр. 2022 жылы активтердің түсімі 1,2 трлн теңгені құраса, 960 млрд теңгесі пайдаланылды. 2023 жылы активтердің түсімі 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғайып, оның 1 трлн теңгесі пайдаланылды. Қордың инвестициялық табысы 2022 жылғы 66,7 млрд теңгеден, 2023 жылы 113,4 млрд теңгеге дейін өсті, комиссиялық сыйақысының да үдемелі өсуі байқалды. Алайда Қордың қолданыстағы Қаржы моделінің болжамына сәйкес, таяудағы 5 жылда Медициналық сақтандыру жүйесінің ағымдағы дамуы оның тұрақсыздығына әкеп соғады деп қарастырылуда, - деді аудиторлық патата мүшесі.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде