{metadescription}
Шымкентте 6 жастағы жеткіншекті азаптап өлтірген туысы 20 жылға сотталды

Шымкентте 6 жастағы жеткіншекті азаптап өлтірген туысы 20 жылға сотталды

Сотталушы әпкесінің қызын ұрып, есінен тандырып, кейіннен ваннадағы суға тұншықтырған.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігімен айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оқиға өткен жылдың маусым айында Шымкент қаласында болды. Ақпан батыр көшесі бойында орналасқан жалдамалы пәтерде сотталушы әпкесінің 2018 жылы туған қызын азаптап өлтірген. 

Ұйқысынан оянған 6 жастағы жеткіншектің айқайлай бастағанына ашуланған сотталушы қыздың аяқ-қолын біріктіріп байлап, ұрып-соғып, еденге құлатқан. Есінен танып қалған оны ваннаға су толтырып, тұншықтырып қасақана өлтірген.

Сот шешімімен сотталушы ҚК-тің 99-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, сот 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

— Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді. Үкім заңды күшіне енді, — делінген Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде