Қызылша жұқтырған балалардың 83 пайызы екпе алмаған – министрлік
Жаңа жыл басталғалы ел аумағында 64 қызылша жұқтыру жағдайы тіркелді.
Фото: Pixabay
16:02 27.01.2025
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова мәлім етті.
- Елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға 5 жасқа дейінгі балалар мен медицина қызметкерлеріне қосымша жаппай иммундау жүргізу ықпал етті. Оның шеңберінде қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцина сатып алуға Үкімет резервінен бөлінген қаражат (4,6 млрд теңге) есебінен 1,5 млн адам екпе алды. Бұл аурушаңдық деңгейін 99,2 %-ға төмендетуге мүмкіндік берді, - деді Сархат Бейсенова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, жыл басынан бері 64 қызылша жұқтыру жағдайы тіркелді.
- Қызылша екпе алмаған балалар есебінен тіркелді. Бұл –сырқаттанған балалар санының 83%-дан астамы. Бүгінде жүргізіліп жатқан профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың арқасында елде көкжөтел бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды, яғни сырқаттану жағдайы 73%-ға төмендеу үрдісі байқалады. Жыл басталғалы көкжөтелдің 55 жағдайы тіркелді, - деп толықтырды комитет басшысы.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!