Атырауда пәтер жалдаған ағайындылар 1 келіден астам есірткіні заңсыз сақтаған
Атырауда ағалы-інілі жігіттер пәтерді жалға алып, 1 келіден астам есірткіні заңсыз сақтап келген.
Фото: ҰҚК
16:03 27.01.2025
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, пәтер иесінен шағым түскен.
– Жалға алушылар пәтерақыны уақытында төлемеген. Пәтер иесіне есік ашпған. Бұл пәтер иесінің полицияға шағым түсіруіне себеп болды. Мән-жайды анықтау үшін пәтерге келген учаскелік полиция инспекторлары күдікті әрекеттерді байқаған. Пәтердегі екі ер адамның бірі керуерттің астына зат жасырған. Ал екіншісі терезеден зат лақтырып, күдік тудырған. Тексеру нәтижесінде керуерт астынан 4 зип-пакетке оралған синтетикалық есірткі табылды, -деп департаменттің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері шақырылып, тексеру жүргізілген.
– Күдіктінің бірі терезеден лақтырған киімнің қалтасынан 1 зип-пакетке оралған синтетикалық есірткі табылды. Күдіктілердің 25 және 19 жастағы ағалы-інілі екені анықталды. Олардың есірткіні қайдан алғаны, кімге таратпақ болғаны тексеріліп жатыр, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Қазір күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Соған сәйкес кешенді тергеу амалдары басталды.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!