{metadescription}
Жыл басынан бері 51 адам коронавирус жұқтырды - ДСМ

Жыл басынан бері 51 адам коронавирус жұқтырды - ДСМ

Елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Толығырақ Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова айтып берді. Комитет басшысының мәліметінше, қазақстандықтардың арасында 16 жұқпалы ауру, оның ішінде оба, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, паратиф, құтыру тағы сол сияқты дерттер тіркелген жоқ.

– 40 инфекциялық дерт бойынша төмендеу байқалды. Оның ішінде коронавирус 5,7 есе, лептоспироз 2,5 есе, сібір жарасы 46,5%, конго-қырым геморрагиялық қызбасы 40,6%, скарлатина 39%, бруцеллез 19,5%, эхинококкоз 15,2%, қызылша 6,3%-ға азайды, - деді Сархат Бейсенова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы биыл 1 қаңтардан бері Қазақстан аумағында 51 коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелгенін айтты. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7 есе төмен.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде