Қор нарығында теңге нығайып келеді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
Фото: Александр Павский / Kazinform
17:05 27.01.2025
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,04 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 516, 77 теңге.
Ұлттық банктің 27 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 517,84 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,28 теңге. Еуро — 543,11.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 516,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 518,9 теңге. Еуро 541,5 — 546 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 519 теңге. Еуро 540 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,14 - 5,24 аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!