{metadescription}
Елорда прокуратурасы өндірісті жолға қоймақ болған инвесторларға кедергі келтіру жағдайларын анықтады

Елорда прокуратурасы өндірісті жолға қоймақ болған инвесторларға кедергі келтіру жағдайларын анықтады

Инвесторлардың құқықтарын қорғау елордалық прокуратураның ерекше бақылауында, деп хабарлайды Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокурорлар инвестициясы 1 трлн теңге болатын 39 проблемалық кейсті шешті, олардың көпшілігі білім беру (20 жоба), өндірістік үй-жайлар мен зауыттар (23 жоба), спорт (9 жоба) және медицина (7 жоба) мәселелері бойынша.

Нәтижесінде 75 инвестор, оның ішінде 11 шетелдік инвестордың (Катар, Түркия, Ресей, Украина, Сингапур, БАӘ) құқығы қорғалды.

Мысалы, прокуратураның наразылығы бойынша жер учаскесінен заңсыз ауыртпалық алынып тасталды, бұл инвесторға жем-шөп өндіретін зауыт салуды бастауға мүмкіндік берді.

Басқа жағдайда, прокуратураның араласуынан кейін төрт инвесторға жер учаскелері бөлінді, оған дейін оларды беруден формальды негіздер бойынша бірнеше рет бас тартылды (жүйелердегі ақаулар).

Нәтижесінде инвесторлар жартылай фабрикаттар өндіретін цех, мұнай өнімдері қоймасы, өндірістік-қойма кешені, сондай-ақ газоблок өндірісі бойынша жобаларды іске қоса алды.

Қадағалау органының тағы бір негізгі міндеті инвесторлар үшін жүйелік проблемаларды жою болды.

Атап айтқанда, 34 инвесторда жер учаскелерінің нысаналы мақсаты пайдалануды көздемеді. Жобаларда тек құрылыс мақсаты болды, бұл салынған нысандарды тіркеуге кедергі болды.

Прокуратураның жедел жұмысының арқасында мәселе реттелді, объектілер учаскелердің нысаналы мақсатын өзгертпей пайдалануға беріледі.

Прокуратура органдарының жаңа құзыреттері шеңберінде «Прокурорлық сүзгі» іске қосылды.

Енді инвесторға қатысты тексеру, тыйым салу шараларын қолдану, әкімшілік іс жүргізу немесе талап қою туралы әрбір шешім прокурордың келісімін талап етеді.

Бүгінде елордада прокурорлар инвесторларға қатысты заңсыз шығарылған мемлекеттік органдардың 79 шешімін келісуден бас тартты (17 салықтық тексеруді тағайындау, 19 әкімшілік өндірісті қозғау, 5 жер учаскесі бойынша инвесторларды ауыстыру, біржақты тәртіппен 26 шартты бұзу, 12 шартты ұзартудан бас тарту туралы).

Инвесторлардың өтініштерін жедел ден қою және қарау үшін 8-7172-71-24-67 нөмірі бойынша елорда прокуратурасының Фронт-офисі жұмыс істейді.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде