{metadescription}
Қазақстанда инклюзия бойынша алғашқы бүкіләлемдік конгресс өтеді

Қазақстанда инклюзия бойынша алғашқы бүкіләлемдік конгресс өтеді

Бұл жаңалық Лондонда өткен білім саласындағы ең ауқымды шара — Bett Show алаңында жарияланды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүкіләлемдік конгресс инклюзия саласы бойынша үкіметтің, педагогтердің, технологиялық компаниялардың, сарапшылар мен мамандардың басын қосатын бірегей жаһандық платформа болмақ. Оның басты мақсаты — заманауи жетістіктерді талқылау, үздік тәжірибелермен бөлісу және инклюзиялық білім беруді дамыту.

Конгресстің келесі негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

• Практикалық іске асыруға басымдық беру;
• Үшжақты тәсіл (педагогикалық инновациялар, технологиялық жетістіктер, корпоративтік ынтымақтастық);
• Жасанды интеллект пен заманауи технологияларды қолдануға ерекше назар аудару.

— Конгресс инклюзивті білім беру саласындағы алғашқы халықаралық бастама болады. Бұл беделді халықаралық шараны Қазақстанда өткізу — біздің әділетті және инклюзивті қоғам құруға деген ұмтылысымызды көрсетеді, сондай-ақ білім беру реформалары мен технологиялық инновациялардағы жетістіктерін айқындайды. Оған халықаралық корпоративтік көшбасшылардың қатысуы стратегиялық мүмкіндіктерге жол ашып, Қазақстанға әлемнің назарын аударып қана қоймай, инвестициялар тартуға ықпал етеді, — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде