{metadescription}
Түркістан облысында газ баллоны жарылып, 6 адам зардап шекті

Түркістан облысында газ баллоны жарылып, 6 адам зардап шекті

Ауруханаға жеткізілген 6 адамның үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға Созақ ауданы, Аққолтық ауылында болды. Жеке тұрғын үйде 27 литрлік тұрмыстық газ баллоны жарылып, 180 шаршы метрлік жеке тұрғын үй толығымен қирап қалды. Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері келгенге дейін көршілер үйінді астынан термиялық күйік шалған 6 адамды ауруханаға жеткізген. Оның ішінде кәмелетке толмаған 5 бала бар. 

«Жарылыс салдары анықталып жатыр. Сағат 21:40-та қираған үйіндіні ашу жұмыстары барысында 20 шаршы метр қираған төбе жаппасының  жанғаны анықталды. Өрт сағат 21:55-те оқшауланып, сағат 23:12-де толық сөндірілді. 6 адам ауруханаға жеткізілді. Қазір үшеуі жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр», - деді Созақ аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Ақбаев.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде