Алматы облысында заңсыз қару мен ірі көлемде есірткі тәркіленді
Қонаев қаласында облыстық 43 жастағы тұрғынның үйінен екі килограмнан астам есірткі құрамдас өсімдіктер анықталып, тәркіленді.
Фото: Polisia.kz
10:38 28.01.2025
Қылмыс Алматы облысының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің өкілдері прокуратураның үйлестіруімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында ашылды.
Күдіктінің үйіне тінту жүргізілген болатын. Сараптама бұл заттардың каннабис екенін растады. Сонымен қатар заңсыз сақталған шолақ аңшы мылтығы табылды.
– Есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру және қару сақтау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады ведомствода.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!