Бектенов: Бірінші АЭС құрылысы бойынша қажетті келісімдер жақын арада жасалады
2025 жылғы 28 қаңтарда Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қазақстан үкіметінің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов екі атом электр станциясын салудың ықтимал орындарын анықтау үшін аймақтарды талдау аяқталып жатқанын мәлімдеді.
Фото: pixabay
11:36 28.01.2025
Бектеновтың айтуынша, жақын арада Алматы облысындағы бірінші атом электр станциясын салуға қажетті келісімдер жасалады.
— Батыс Қазақстанның электр желілерін бірыңғай энергия жүйесіне қосу бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада Алматы облысында бірінші Атом электр станциясын салу бойынша тиісті келісімдерге қол қоямыз. Сондай-ақ екінші және үшінші Атом электр станциясы құрылысының ықтимал орындарын анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталуға жақын, — деді Премьер-министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!