Ұлының қарызға батқанын білген әке өмірімен қош айтысты
Бакудің Хазар ауданында (Әзірбайжан) суицид орын алды. 26 қаңтар күні Тюркян кентінің тұрғыны, 63 жастағы Намиг Гусейн оглу Абдулов үйінің алдына асылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: pixabay
12:33 28.01.2025
Oxu.Az дерегінше, ер адам ұлының қарызға белшесінен батқанын біліп, өз-өзіне қол жұмсаған. Марқұмның ұлы әкесі жұмыс істейтін дүкенге 9 мың манат (2 млн 735 мың 394 теңге) мөлшерінде қарыз болған. Дүкен иесі жігіттен 3 мың манат (911 мың 798 теңге) қаражатты өндіріп алған. Алайда, ол қалған 6 мың манаттың орнына, одан ай сайынғы төлемдер түрінде 9 мың манат өтеуді талап еткен.
Осылайша, ұлының қарызға батқанына ренжіген әке, ақыр аяғы өзіне қол салған. Бұған дейін ақмолалық мұғалімнің алаяқтардың арбауына түсіп, 2,6 млн теңгеге несие рәсімдегені хабарланған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!