Бас прокуратура қаржы пирамидасын құрғандар елді қалай арбайтынын айтты
2024 жылы Қазақстан Бас прокуратурасының Азаматтарды қабылдау орталығына 5,5 мыңнан астам арыз иесі келген.
16:07 28.01.2025
— Олардың көпшілігі қаржылық пирамидаларға қатысты шағыммен келген. Қаржы пирамидасының құрбаны болмау жолдарын айтып, сізді ескертпекшіміз, - делінген ведомство хабарламасында.
Қаржы пирамидасының негізгі белгілері:
- Лицензиясының/есептік тіркеуінің болмауы;
- Бұқаралық ақпарат құралдарындағы (БАҚ) агрессивті жарнама;
- Компанияның қызмет туралы нақты мәлімет жоқ;
- Өнімді/қызметті сатып алуға көндіру жағдайлары.
- Пирамида екенін қалай білуге болады:
Олар әдетте жарнамалау кезінде мынандай сөздерді көбірек қолданады:
- жоғары табысты бизнес;
- кепілді табыс;
- жоғары табысты онлайн жоба;
- онлайн табыс;
- инновациялық жоба.
Негізгі ұрандары:
- «Ақша табуға асығыңыз!»
- «Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз»
- «Қарыздан құтыласыз!»
- «Бүгін инвестициялаңыз!»
- «Сізге банк бас тартты ма? Біз көмектесеміз!».
Бас Прокуратура Қаржы пирамидасын құрған үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салды.
— Қылмыстық кодекстің 217-бабында мүлкі тәркіленіп бес жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар қаржы пирамидасын жарнамалаған үшін Қылмыстық кодекстің 217-1-бабында мүлкі тәркіленіп, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Салған ақшалай қаражаттан айырылып қалу қаупін және теріс салдарын болдырмау мақсатында азаматтарды күмәнді қаржы схемаларына қатыспауды сұраймыз. Сақ болыңыз! Арандатушылыққа берілмеңіз! Оңай ақша болмайды!, - деп ескертті прокуратура.
Егер қаржы пирамидасына тап болдым деген күмән пайда болса, сізге дереу төменде көрсетілген органдарға жүгіну қажет:
• Тұрғылықты орныңыз бойынша құқық қорғау органдарына
• ҚР Ішкі істер министірлігіне
• ҚР Қаржылық мониторинг агентігіне
• ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агентігіне жүгіну қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!