АҚШ-тың бірден үш штатында жер сілкінді
27 қаңтарда Мэндегі (АҚШ) эпицентрлі жер сілкінісі Род-Айленд, Массачусетс, Нью-Гэмпшир және Коннектикуттың кейбір бөліктерінде дүмпу тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: pixabay
16:29 28.01.2025
АҚШ Геологиялық қызметі таңғы уақытта болған 3,8 баллдық жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Мэн штатының Йорк Харбор қаласында, Портлендтің оңтүстік-батысында орналасқан.
Ұлттық ауа-райы қызметі цунами туралы ешқандай ескерту жасамады. Сондай-ақ, зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат түспеген. АҚШ Геологиялық қызметінің болжамы бойынша, келесі аптада магнитудасы кемі 3 баллдық зілзала күтілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!