Алматыда 30 және 31 қаңтарда жолдардың бір бөлігі жабылады
Алматы қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі қала тұрғындары мен қонақтарына маңызды үндеу жасады.
Фото: pixabay
11:34 29.01.2025
Оған сәйкес, 2025 жылдың 30-31 қаңтарында халықаралық шара кезінде қалада көлік қозғалысы жартылай шектеледі. Келесі учаскелер бойынша көлік қозғалысына түзетулер енгізілуі мүмкін:
- Майлин көшесі,
- Құлжа тас жолы,
- Бұқтырма көшесі,
- ШААЖ,
- Әл-Фараби даңғылы,
- Сейфуллин даңғылы,
- Достық даңғылы,
- Жароков көшесі.
"Алматы полициясы азаматтарды уақытша шараларға түсіністікпен қарауға және кептелістерді болдырмау үшін бағыттарын алдын ала реттеуге шақырады", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында "Атакент" қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында Digital Almaty 2025 халықаралық форумы өтетіні бұрын хабарланған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!