{metadescription}
Ташкент – Нью-Йорк бағытындағы ұшақта сәби дүниеге келді

Ташкент – Нью-Йорк бағытындағы ұшақта сәби дүниеге келді

28 қаңтарда Uzbekistan Airways авиакомпаниясының HY101 рейсінде ұл бала дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Авиакомпанияның баспасөз қызметінің Instagram парақшасында хабарлағандай, қуанышты оқиға авиакомпанияның 33 жылдық мерейтойы күні болды. Толғағы жеткен әйелді жолаушылар арасындағы акушер–дәрігер мен хирург босандырып алған.

Осыған байланысты экипаж Исландияның Кефлавик қаласындағы қосалқы аэродромға қонуға шешім қабылдады. Сәтті қонғаннан кейін жергілікті дәрігерлер қажетті көмек көрсету үшін бортқа көтерілді.

"Ана мен жаңа туған нәресте жергілікті клиникаға жеткізілді", – делінген авиакомпанияның ақпаратында.

Пікір қалдырушылар құттықтау хаттарынан басқа, баланың болашақ азаматтығы қандай болатындығын сұрады.

"Өзбекстан, Исландия немесе АҚШ азаматы?", - деп сұрады комментаторлар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде