{metadescription}
Қарағандыда 13 жастағы бала дәрігердің қателігінен қайтыс болды

Қарағандыда 13 жастағы бала дәрігердің қателігінен қайтыс болды

Қарағандыда 13 жастағы жасөспірім қаза болды. Бір аптаға жуық баланың ыстығы көтеріліп, белгісіз дерттен зардап шеккен, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жасөспірімнің анасынан түскен хабарлама жарияланды.

Оның айтуынша, баласы ауырған бетте 21-22 қаңтарда учаскелік дәрігерге жүгінген. Фельдшер баланы қарап шығып, оған суық тиіп, тамағы қызарды деген қорытындыға келген.

Анасы аптаның аяғына дейін дәрігерлердің ұйғарымы бойынша ұлын емдеп, қызуын түсірген. Алайда, баланың аяқ-қолы ісініп, жансыздана бастаған. Баласының жағдайы жақсармағанын көрген анасы, тағы да учаскелік дәрігерді шақыртқан. Алайда, дәрігер тағы да суық тиюді емдейтін дәрі жазып берген.

Бір тәулік өткен соң баланың тынысы тарыла бастаған. Сол кезде анасы жедел жәрдем шақырғанын айтады. Бірақ дәрігерлер 13 жастағы науқасты өлімнен арашалап қала алмаған.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға түсініктеме берді.

Аталған оқиға бойынша тәуелсіз сарапшылар тобын тарта отырып, жан-жақты тергеу жүргізілуде. Алдын ала қызметтік талдау нәтижелері бойынша жекелеген медицина қызметкерлері тарапынан заңбұзушылық фактілері анықталды. Барлық кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады, - делінген ведомство хабарламасында.

Жасөспірімнің неден қаза болғаны әзірге белгісіз. Жаңдайды сарапшылар анықтауда.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде