Қорғаныс министрі Президентке былтырғы атқарған жұмысы туралы есеп берді
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Фото: Ақорда
13:00 29.01.2025
Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді. Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері жөнінде баяндалды.
Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды дамыту барысы жайында айтты.
Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге армияның жауынгерлік әлеуетін көтеруге, басқару үдерістерін одан әрі цифрландыруға, Арнайы операциялар күштерін дамытуға, әлеуметтік-идеологиялық жұмыстарды күшейтуге қатысты нақты тапсырмалар берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!