{metadescription}
Атырауда қымбат мейрамханадағы төбелестен соң қылмыстық іс қозғалды

Атырауда қымбат мейрамханадағы төбелестен соң қылмыстық іс қозғалды

Атырауда мейрамханада болған төбелестен кейін қылмыстық іс қозғалды. БАҚ-та тараған дерекке қарағанда, олар мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері болуы мүмкін.

Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. 

Төбелес кеше, 28 қаңтарда Атырау қаласындағы Villa Beer House мейрамханасында болған. 

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде