Жаңаөзенде танысын интимдік фото-видеомен қорқытып, ақша бопсалаған тұрғын ұсталды
26 қаңтар күні сағат шамамен 14:50-де полицейлер Жаңаөзен қаласындағы «Шаңырақ» шағын ауданында жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде Жаңаөзен қаласының 2004 жылы туған тұрғыны қолға түсті, деп жазады kazinform.
Фото: Видеодан алынған кадр
19:16 29.01.2025
Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінді.
- Тергеу барысында күдікті өзінің танысын интимдік фото және видеоматериалдарды жариялаймын деп қорқытып, одан 600 000 теңге бопсалағаны анықталды. Қылмыстың мән-жайы тергеу әрекеттері барысында анықталуда. Полиция қызметкерлері күдіктінің кінәсін толық анықтау үшін қажетті тергеу іс-шараларын жүргізуде, - дейді облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы Қуанышкерей Қызылбаев.
Күдіктіні тінту кезінде қылмыс жасалғанын растайтын айғақ заттар, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған 300 000 теңге тәркіленген.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!