Еліміздің үш өңірінде көлік қозғалысы шектелді — ҚазАвтоЖол
Ауа райының бұзылуына байланысты Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform
11:08 30.01.2025
Ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды:
Жетісу облысы
— «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 557-615 шақырым аралығындағы учаскесі (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін).
Абай облысы
— «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығындағы учаскесі (Жетісу облысының шекарасынан Аягөз қаласына дейін).
— «Таскескен-Бақты» автожолының 0-75 шақырым аралығындағы учаскесі (Таскескен ауылынан Үржар ауылына дейін).
Жолды 2025 жылғы 30 қаңтар сағат 18:00–де ашу жоспарланған.
Шығыс Қазақстан облысы
— 2025 жылғы 30 қаңтарда сағат 09:00–де ШҚО-да қар көшкінінің профилактикалық түсуімен байланысты «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» автожолының 420-450 шақырымы аралығында (Берел ауылынан Рахман қайнары шипажайына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
2025 жылғы 30 қантар сағат 17:00–де жолды ашу жоспарланған.
Сонымен қатар «ҚазАвтоЖол» республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәліметпен бөлісті.
— 2025 жылғы 30 қаңтар Ақмола, Ақтөбе, Абай, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар күтілуде. Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады, — делінген хабарламада.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!