Оралда басына кірпіш құлаған ер адам көз жұмды
Орал қаласында басына кірпіш құлаған ер адам мерт болды.
Фото: freepik.com
11:17 30.01.2025
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 29 қаңтар күні Г.Жуков көшесі бойында болды. Тоғыз қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде биіктіктен кірпіш құлап, сол тұстан өтіп бара жатқан ер адамға тиген.
- Ер адам алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 277-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!