{metadescription}
Шымкентте таксиге мінген екі адам табылмай жатыр

Шымкентте таксиге мінген екі адам табылмай жатыр

«Алаш» базары алдынан таксиге мінген қыз бен жігіт жоғалып кетті. 

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Шұбарсу ауылының 17 жастағы тұрғыны Ермекбай Арайлым Ерболқызы түнгі сағат 23:00 шамасында Шымкенттен ауылына қайтпақ болып «Алаш» базарының алдында таксиге отырған. Содан кейін телефоны сөніп, хабарсыз кеткен.

Бүгінде Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері хабар-ошарсыз жоғалған қыз туралы арыз бойынша іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

- Іздеу жұмыстарына Шымкент қаласы полиция департаментінің кешенді күштері мен құралдары жұмылдырылды. Аудандық бөлімдердің жеке құрамы мен көрші өңірлердің полиция департаменттеріне бағдар жолданды, - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта. 

Арада бірнеше күн өткенде дәл осы жағдай қайталанып отыр. Бұл жолы 20 жастағы Еділбек Бәйдібек Ақмырзаұлы Ордабасы ауданынан Шымкентке келген. Көлік жүргізу куәлігін алмақ болған ол, шаруалары біткен соң «Алаш» базары аумағынан таксиге отырады. Дегенмен, жігіт үйіне жетпеген. Телефоны да сөндірулі тұр. 

Аталған жағдайға байланысты Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

- Жоғалған азамат туралы арыз бойынша полицейлермен іздестіру шаралары жүргізілуде. Ер адамды анықтауға бағытталған жұмыстарға полиция департаментінің барлық күші жұмылдырылды, - делінген ведомства ақпаратында. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде