{metadescription}
Шығыс Қазақстанда қос азаматтықпен жүрген 7 адам анықталды

Шығыс Қазақстанда қос азаматтықпен жүрген 7 адам анықталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері қос азаматтықпен жүрген 7 адам жауапқа тартылды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары қос азаматтығы бар анасы мен қызын анықтаған.

- Белгілі болғандай, олар өткен жылдың желтоқсан айының басында шет мемлекеттің азаматтығын алған. Алайда бұл туралы белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының көші-қон қызметіне хабарламаған. Екі ай өткеннен кейін, анасы мен қызы зейнетақы жинақтарын алу үшін ХҚКО-ға өз бетімен жүгінген кезде олардың қос азаматтығы анықталды, - делінген ақпаратта.

Сот қаулысымен екеуі ҚР азаматтық туралы заңнаманы бұзды деп танылды. Анасына 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынса, қызы елден шығарылды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 2025 жылдың қаңтар айының өзінде облыс бойынша қос азаматтығы бар 7 адам анықталған.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде