Қазақстан азаматтары АҚШ-тан емін-еркін шыға алады - СІМ
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев АҚШ-тан Қазақстан азаматтарының депортациялануы туралы ақпаратқа түсінік берді.
Фото: ҚР СІМ
12:41 30.01.2025
Атап айтқанда, былтыр АҚШ-та депортацияға жататын мигранттардың арасында 369 қазақстандық туралы ақпарат тараған, деп жазады kazinform.
- Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары осы елде заңсыз жүргендерін мәлімдеп, АҚШ-тан емін-еркін шыға алатынын ескертті. Салдары болатынын түсіндірген едік, - деді Ә. Бақаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, егер мәжбүрлі депортация болса, онда бұл адамдарға болашақта АҚШ-қа сапарлауға қиынға түседі.
- Әзірге, басқа қандай шаралар қолданылатынын білмеймін, яғни осының бәрі АҚШ-тың мемлекеттік саясаты аясында іске асырылады. Жалпы, шетелден өз еркімен кетуге үнемі рұқсат берілген және солай болып қала береді. Бұл мүмкіндік Қазақстан азаматтары үшін бар. Осы мүмкіндікті пайдаланбайтындар үшін мәжбүрлеп депортациялау тетігі қолданылауы ықтимал, - деп түсіндірді Әлібек Бақаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!