{metadescription}
Ресей Қазақстан студенттеріне берілетін стипендия квотасын 100 орынға ұлғайтқан

Ресей Қазақстан студенттеріне берілетін стипендия квотасын 100 орынға ұлғайтқан

Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустин Үкімет басшысы Олжас Бектеновпен кездесуінде екі елдің мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастығы белсенді дамып келе жатқанын атап өтті.

- Қазақстанда Мәскеу университеттерінің филиалдары жұмыс істейді. Ресейде 60 мыңға жуық қазақстандық студент оқиды. Биыл Ресей Үкіметі Қазақстанға ұсынатын квотаны тағы 100 орынға, яғни, барлығы 800 стипендияға дейін ұлғайтты. Біз оны барлық жағынан құптаймыз, - деді ол.

М.Мишустиннің сөзінше, Қазақстанда орыс тілін дамытуға арналған халықаралық ұйым жұмыс істей бастайды. Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде